Головкин өмірі жеңіліп көрмеген канадалық боксшымен жекпе-жекке шықпақ
Головкин өмірі жеңіліп көрмеген канадалық боксшымен жекпе-жекке шықпақ
239
оқылды
Боксшының DAZN сервисімен үш жылдық келісімшартқа отырғаны белгілі Өмірі жеңіліс дәмін татпаған канадалық былғары қолғап шебері Стив Роллс орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға келіскен сыңайлы.  Бұл туралы DAZN сервисімен бірлесе жұмыс істейтін Sport Illustrated тілшісі Крис Мэнникс мәлімдеді. Ол бұл жайлы твиттердегі парақшасында жазған. Головкиннің келесі кездесуі 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтпек. Боксшының DAZN сервисімен үш жылдық келісімшартқа отырғаны белгілі. Ол бойынша боксшы жылына екі жекпе-жектен өткізіп отыруы тиіс. «Головкин мен Роллс маусымдағы кездесу келісімін жасап жатыр. Бұл туралы келіссөзге жақын жүрген дерек көзі хабарлады. Олардың айтуынша, Роллс барлық шарттарға келіскен» деп жазды Мэнникс. 35 жастағы Роллс екінші орта салмақта жұдырықтасады. Жекпе-жектерінің басым бөлігін Канадада өткізіп, АҚШ-та алты рет ғана шаршы алаңға шығыпты. Карьерасында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бірақ он раундтық алғашқы кездесуіне 2018 жылы шыққан. Абай Қазбекұлы