Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер алатынын айтты. «42 500 теңге – мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға қарастырылған төлем. Әртүрлі салада жұмыс істеп жүрген азаматтарға арналады», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның ішінде, ресми тіркелмей, жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтар да жәрдемақыны алуына болады. Айта кетейік, біз бұған дейін 42 500 теңгені өтінім берудің тәртібін жазған болатынбыз. Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, мына сілтемеге: t.me/Help42500Bot-қа өтесіз. Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады: Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
- «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
- Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
- Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
- Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
- Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
- Өз өтінішіңізді растау;
- Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді: a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы; b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
- Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді: 1) сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы; 2) сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; 3) сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.