Орталық коммуникациялар қызметінде өткен төтенше жағдай кезіндегі кірісті жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік төлемдерден әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бойынша онлайн брифингте министр соңғы үш күнде 42 500 теңгені алу үшін 1,2 млн өтініш түскенін айтты. Оның ішінде, табысы жоғары азаматтар да 42 500 теңге алуға өтінім берген. «Бірінші күні 400 мыңнан астам өтінім түсті. Біз орталық базадағы ақпараттық жүйелер арқылы азаматтардың жағдайын тексердік. Тексеру нәтижесінде, өтініш берген 2 мыңға жуық азамат 2020 жылдың басынан бастап (қаңтар, ақпан, наурыз) іс жүзінде айына 500 000 теңгеден немесе одан да көп айлық алып келген. Бірақ олар 16 наурыздан бастап, жұмыссыз қалдым, табысымнан айырылдым деп көрсеткен. Бұл дұрыс емес. Біз бәрін көріп, тексеріп отырмыз. Уақыт бөліп, сайтқа кірген жоғарыда аталған 2 мыңнан астам азаматқа кешіріммен қараймыз. 42 500 теңге жұмыссыз қалған әлеуметтің әлсіз топтарына төленететінін қайталап айтқым келеді», – деді министр.