Нұр-Сұлтан: 300 медицина қызметкеріне қонақ үйлерден орын берді
Нұр-Сұлтан: 300 медицина қызметкеріне қонақ үйлерден орын берді
Фото: Интернеттен алынды
Еліміз үшін күрделі кезеңді, қиындықтарды бірігіп жасалған күш-жігерлер мен істер еңсеруге көмектеседі. Бұл аксиоманың дұрыстығын тарихта болған уақиғалар көрсетіп отыр. Осыған байланысты Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу үшін барша қазақстандықтарды бірігуге шақырды. Осы қауіп-қатермен күресу мақсатында Елбасы отандық бизнес өкілдерін мемлекеттің күш-жігерін қолдауға және қаржылық көмек көрсетуге өтініш білдірді. Нәтижесінде, еліміздің көптеген компаниялары мен кәсіпкерлері ақша салымдарын жасай отырып, үндеуді қолдады. Оның ішінде үлкен сома Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорына жіберілді, қордың қызметі эпидемия жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, ұйымдар қазақстандықтарды материалдық жағынан қолдауға өз үлесін қоса алады. Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері қазақстандықтардың өмірі үшін күресіп, олардың тез арада сауығуына қамқорлық жасауда. Медицина қызметкерлері өз отбасылары мен үйлерін көрмей қауіп-қатер аймағында тұрып жатыр. Осы орайда елордалық «Думан» және «Дипломат» қонақ үйлері медициналық қызметкерлерді қолдау үшін өз қонақ үйлерінің нөмірлерінде тұруды және тамақтануды  ұйғарып отыр. Қаланың орталығында орналасқан бұл отелдер медициналық қызметкерлерге ауысым арасында шағын демалысқа және жұмысқа тез арада жетуге мүмкіндік береді. «Думан» қонақ үйі өткен аптадан бастап дәрігерлер үшін өз есігін ашты. Біз персоналымыздың қалай қабылдайтынын уайымдаған болатынбыз, алайда адамдар бүкіл әлемде қалыптасқан осы жағдайға көмектесуге өте қуанышты болды. Біз қазір басқа адамдардың өмірін құтқаратын адамдарды өз қонақ үйімізде қабылдауға дайынбыз!» – деді «Думан»  қонақ үй кешенінің басқарушы директоры Әлия Дүйсекеева. Ал «Дипломат» отелі» әрқашанда сіздерді қабылдауға қуанышты. Біз бұл жағдайға өте қиын кезеңде қатысудамыз. Дәрігерлерді жатын бөлмелерге орналастырып, оларды тамақтандырып, қажет заттармен қматамасыз еттік. Олар мұнда өз үйіндегідей жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасаймыз. Біз осы қиын кезеңді бірге және бірігіп қана жеңеміз» – деді «Дипломат» қонақ үй кешенінің бас директоры Абай Бексейітов.