Ол БАҚ саласына жауапты болмақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қызы Саида Мирзиеева ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Кеше Өзбекстан Республикасының Президенті әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінде Президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың басшылығымен жиын болып өткен. Жиында агенттіктің үкіметпен және мәжіліс палаталарымен байланысы туралы, ақпараттық саясатты жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу, мемлекеттік билік басқармаларының ашықтығы жайлы сөз болған. Сондай-ақ кеңейтілген жиын барысында агенттік директорының міндетін атқарушы – Комил Алламжанов, бірінші орынбасар – Авазбек Ходжиметов, орынбасарлар – Саида Мирзиеева мен Ғайрат Бозоровтар таныстырылған. Абай Қазбекұлы