COVID-19 жұқтырған адамның бар-жоғын анықтайтын қосымша пайда болады
COVID-19 жұқтырған адамның бар-жоғын анықтайтын қосымша пайда болады
tengrinews.kz
Еуропа ғалымдары жақын маңда коронавирус жұқтырған адамның бар-жоғын анықтайтын смартфондарға арналған қосымша дайындап жатыр, - деп хабарлайды Business Insider. Дереккөз мәліметінше, сегіз елдің 130 ғалымы коронавирус жұқтырғандарға зерттеу жүргізеді.
Дәрігерлер қосымшаға науқастардың саны туралы мәліметтерді жариялай алады. Қосымшаның Bluetooth арқылы жұмыс істейтіні және кем дегенде екі метр қашықта коронавирус жұқтырған адамның бар-жоғын ескертетіні айтылады.
Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл қосымша коронавирустың жаппай таралуын азайтуға септігін тигізеді. Айта кетейік, 7 сәуірден бастап бұл қосымша Еуропада жұмыс істей бастайды.