Алматыда арнайы әскери жиындарға 200 әскери міндетті азамат шақырылады. Бұл туралы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев онлайн-брифинг барысында айтты. «Қазір Алматыда 300-ге жуық өтініш түсті. Бұл тізім тексеріліп, Алматы әкімінің қаулысымен жоспарланып отырған 200 адам шақырылады. Олар 1 ай мерзімге шақырылады. Жұмыс істеп жүрген әскери міндеттілерге еңбекақы орташа жалақысы мөлшерінде, ал жұмыс істемейтін азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төленеді. Сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс орны сақталады. Оларға үйінен жиналу орнына дейін жолақысы төленеді. Сондай-ақ, түскі ас, кешкі асы тегін болады», - деді Амантай Өсербаев. Оның айтуынша, әскери жиындарға 3 баласы бар әскери міндеттілер, әйел адамдар шақырылмайды.