Ертеңнен бастап кез келген анықтама жарамсыз – Алматы полициясы
Ертеңнен бастап кез келген анықтама жарамсыз – Алматы полициясы
© azattyq-ruhy.kz
140
оқылды
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады. Шешімнің өзгеруіне тұрғындарда анықтаманың көбейіп кетуі себеп болған. Шешімді Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қабылдаған. Штаб шешімімен карантин кезінде жұмысты істейтін кәсіпорындардың электронды деректер базасы жасалған. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берген.
«Қала тұрғындары тарапынан түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді. Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты кәсіпкерлер Алматы Полиция департаментінің байланыс орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі керек», - делінген Алматы қаласы ПД таратқан ақпараттық хабарламада.