Жау бекінісін бұзған Бейсенбек Қозыбаев
Жау бекінісін бұзған Бейсенбек Қозыбаев
©Сурет интернеттен алынды.
Бейсембек Қозыбаев 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1931 жылы сол кездегі Семей облысының Өскемен РВК шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан аға лейтенант, 3-Украина майданы 52-ші атқыштар дивизиясы, 429 атқыштар полкының 4-ші атқыштар ротасының командирі Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған да болатын.
1944 жылы 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні 9-шы атқыштар ротасының аға лейтенанты Қозыбаев Одесса облысы, Вознесенка ауданы, Александровка елді мекендегі Южный буг өзенінен арғы бетке өтіп, плацдармды басып алу туралы тапсырма алды. Ол рота құрамында алғашқы болып өзеннен өтіп, ротаның қалған құрамын жедел арғы жағалауға өткізген.
[caption id="attachment_33666" align="alignleft" width="485"]соғыс © Сурет интернеттен алынды[/caption] Қозыбаев ротамен бірге 4 метрлік танкке қарсы қазылған ордан өтіп, «Отан үшін алға» ұранымен ротаны соңына ілестіріп, жау бекінісіне ұмтылған. Сол кезде немістің бекінісінен қарша жауға оққа қарсы тұрып, пулеметімен ротаға қалқан болады. Ақыр-соңында Қозыбаев ротасы қашқан немістердің артына түседі. Олармен қудалай соғысып жүріп, қорғаныстың екінші шебін бұзып, Южный буг өзенінің арғы жағалауындағы биіктікті азат еткен. [caption id="attachment_33668" align="alignright" width="533"]Ұлы Отан соғысы © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Біздің әскер жау шабуылына соққы бере отырып, өткел мен өзенді басып алуға ұмтылған. Сол уақытта Бейсенбек Қозыбаев өз ротасымен жаудың 25 жауынгерін құртып, бір унтерофицерін, 3 солдатын, 16 автоматы мен 4 пулеметін қолға түсірген. Тіпті, осы ұрыста ол жараланған еді.
Осы ерлігін ескеріп, 1944 жылы 7 наурызда Южный бугты жаудан азат еткені үшін 429-атқыштар полкының командирі, подполковник Азатьянның «Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты көріп, қол қойған болатын. Ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсеткені үшін 1944 жылы 30 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының №45 жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.