Дәрігерлермен кездесті

Дәрігерлермен кездесті

Жұмыс сапарымен мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Александр Суслов және Ольга Шишигина, Светлана Бычкова, Аманжан Жамалов Павлодар облысына барды. Сол күні Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың қатысуымен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Павлодар облыстық кардиологиялық орта­лығының директоры Әділ Дюр­жа­нов халық қалаулыларын жетекші мамандандырылған орталықтың қызметімен таныстырды. Оның мәліметінше, ұйым құрылғалы бері орталықта жалпы саны 
20 мыңнан астам ота жасалған.
– Орталық осыдан алты жыл бұрын ашылды. Қазіргі таңда жылына төрт мыңнан астам күр­делі және қарапайым операция жасауға мүмкіндігіміз бар. Отан­дық жүрек дәрігерлері шетелдік әріптестерімен иық тірестіріп, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуде. Дәрігерлер жоғары технологиялы операция­лардың жаңа түрін енгізуде. Кластер шеңберінде жедел меди­циналық көмек, санавиация, ем­ханалық және кардиохирургия­лық қызметті біріктірдік. Нәтиже­сінде, аймақта жүрек ауруларынан келетін өлім-жітім 30 пайызға, ал жүрек ақауларын ерте кезде анықтау көрсеткіші 100 пайызға жетті, – дейді Әділ Дюржанов.
Орталықтың жұмысымен та­нысу кезінде депутаттар көп­теген ауруды зерттеу және анықтау тә­сілдерін, жүрек-қанта­мыр жүйе­сінің түрлі ауруларын жылдам және сапалы диагности­калауға мүмкіндік беретін диаг­нос­тикалық ем-шаралардың сан түрін тама­шалауға мүмкіндік алды. 
– Павлодар кардиоорталығы соңғы үлгідегі жоғары технология­лық медициналық техникалармен жабдықталған. Бүгінде кардиоор­талық заманауи кардиохирургия мен интервенциялық кардио­ло­гияның барлық бағыттарын бірік­тіреді және ересектерге де, ба­лаларға да көмек көрсетеді. Бұл халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсар­туға мүмкіндік береді, – деді Мә­жіліс депутаты Ольга Шишигина. 


А.Жасанұлы