Облыс әкімдігі таратқан алдын ала мәлімет бойынша індет Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынынан тараған болуы мүмкін. 30 жастағы елордалық Қордайға жақын туысын жерлеу рәсіміне келген көрінеді. Қазір байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Ал жетіншісі Нұр-Сұлтаннан Таразға өз автокөлігімен келген 28 жастағы елордалық. Ол бесінші сәуірде жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған. Өкінішке қарай, зертханалық зерттеулер оң нәтиже көрсетіп, науқастың өзі де, онымен қарым-қатынаста болғандар да оқшауланды. Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалыпты дейді.