Егде жастағылар ескерусіз қалмады
Егде жастағылар ескерусіз қалмады
Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  #Bizbirgemiz акциясы бастау ал­ғанын көпшілік жақсы біледі. Аталған акцияға Nur Otan пар­тиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының әкім­дігі және Nomad MMA қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерация мен Қазақстан жауын­­­герлік өнер қауымдастығы да үн қосты. Қайырымдылық шарасын ұйым­­­дастырушылар жалғызбасты қарт­­­тардың үйіне тегін ыстық та­мақ жеткізді. Күнделікті жейтін тағаммен 400-ден астам адам қам­та­масыз етіліп, 3 000-нан астам тұр­­­ғынға ыстық тамақ таратылды. Ыстық тамақпен егде жастағы 1 000-нан астам адам қамтамасыз етіліп жатыр.
«Соңғы бірнеше күнде  жұмыс тоқ­­таған болатын. Бұл іске бел­сен­ді достарымыздың қосылуының ар­қасында, Алматыда саны 1 000-ға жуық 80-нен асқан қарттарға да кө­мектесуді қолға алдық. Арнайы әзір­ленген топ нұсқаулық пен қа­­таң санитарлық нормаларды ұс­тану­дың жеке жауапкершілігі ту­ра­лы келісімшартқа қол қойды. Кө­мек беруді ұйымдастырудың са­пасын бақылау үшін арнайы қыз­мет құрылды. Олардың бәрі іс­ке кірісер алдында мұқият тек­се­ріліп, залалсыздандырылады. Жұ­мыс­шылар санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес арнайы қор­ғаныш костюмімен, көзілдірік, қол­ғап және бетпердемен қам­та­ма­сыз етілген» деп атап өтті рес­пуб­ликалық Nomad ММА феде­ра­ция­сының президенті Гаджи Гад­жиев.
Айта кетейік, іс-шара кезінде ұйым­дастырушылардың барлық қор­ғаныс санитарлық нормаларын сақ­тауына ерекше көңіл бөлінген.  

Гүлнар ТӘЖИЕВА