Еңбектері бағаланды
Еңбектері бағаланды
163
оқылды
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері бірнеше істің куәгері болдық. Біреулер өз басының қамын ойлап, азық-түлік бағасын ас­пан­датып жіберсе, енді бірі антисептик пен бетперденің саудасын қыздырды. Дегенмен өз еріктерімен аса қажетті бұйым­дарды тігіп, тегін таратып, халықтың батасын алғандар да бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан облы­сында бетперде тігумен айналысқан жазасын өтеушілерге бір миллионнан аса сыйақы берілді. Бұл көтермелеу ақшаны түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз атынан тағайындады. Өйткені қазіргі уақытта қорғаныс және дезинфекция құралдары аса  қажет. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жү­йесі комитетінің басқармасы бас­шылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік нысанда­рында қорғаныш маскаларын тігу ұйымдастырылған болатын. 19 наурыздан бастап Шығыс Қазақ­станның алты колониясында соттал­ғандар қорғаныш маскаларын тіге бастады. Осы уақытқа дейін олар 120 мыңнан аса маска тігіп үлгерген. Беттұмша полиция офицерлері мен әскери қызметкерлерге берілген.
«Еңбегіміз бағаланып, тіпті сыйлық табысталғанына  өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін ақшалай сыйлық алдым. Мен алған сыйлығымды әйеліме аударып жібердім, бұл ақша маған қарағанда оған қажет деп ойлай­мын», – дейді жазасын өтеуші Арлан.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облы­сының түзеу мекемелерінде бетперде тігу әлі де жалғасып жатыр. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы­ның түзеу мекемелерінде қорғаныш маскаларын тігу әлі де жалғасып жатыр.  

Әділ БЕК