FlyArystan алғашқы рейсін орындады
FlyArystan алғашқы рейсін орындады
206
оқылды

Қазақстандық FlyArystan лоукостері алғашқы рейсін орындады. Алматыдан шыққан ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына келіп қонды.

Салтанатты рейсті Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Air Astana президенті Питер Фостер, журналистер мен блогерлер қарсы алды.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясының флотының конфигурациясы 180 орындық төрт Airbus 320-232 ұшағынан тұрады, олардың орташа пайдаланылған мерзімі 6 жылды құрайды. Қызметкерлер штаты 180 адамнан тұрады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшқыштар мен аға бортсеріктердің бір бөлігі «Эйр Астана» командасынан алынды.

FlyArystan жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін жоғары сервис пен қол жетімді ұшуларды қамтамасыз етумен қатар, бортқа Recaro 3530 SLIM неміс өндірісінің былғарымен қапталған жаңа креслоларын орнатты. Оның қайырмалы жұқа арқалықтары бар және кеңдігі 70 см-ден 82 см-ге дейінгі жетеді. 

Жолаушылар үшін бір бағытқа билет құны 3 999 теңгеден басталатын қол жетімді ұшуларды ұсына отырып, FlyArystan бұрын ұшақпен ұша алмаған жолаушылардың жаңа сегментін тартуды жоспарлап отыр.

– Біз Қазақстанның кейінгі толқын жастарына ұшу ұтқырлығы мен қол жетімділігі қажет екенін түсінеміз. Лоукостердің классикалық үлгісі бойынша жасалған FlyArystan дер кезінде және қажетті сағатта пайда болды. Біз ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушылар ағыны едәуір өседі деп болжап отырмыз. Уақыт өте келе ұшуларды шетелдік әуежайлардан да бастауды жоспарлап отырмыз, – деді Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

FlyArystan 2019 жылы 29 наурызда Алматы-Тараз-Алматы, сондай-ақ Алматы-Орал-Алматы бағыттары бойынша билет сата бастады.

Кейінен Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Қарағандыға, Павлодар мен Шымкентке билет сатыла бастады. Бүгінде республиканың алты қаласына әуе билеттері сатылып жатыр. Алғашқы Қазақстандық лоукостердің рейстеріне билеттерді әуе компанияның flyarystan.com ресми сайты арқылы брондауға болады.

2021 жылдың соңына қарай авиакомпанияның әуе паркін 15 әуе кемесіне дейін ұлғайту жоспарлануда.