Роналду әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды
Роналду әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды
193
оқылды

Автомобиль әлі шықпаған

Наурыз айының бас кезінде Женевада Bugatti La Voiture Noire су жаңа көлігі таныстырылған. Дегенмен көліктің өзі жоқ. Яғни, концепциясы ғана бар. Әлемдегі бір ғана дана болатын бірегей автомобиль 2021 жылы шығарылмақ.

Сол кезде әлі шықпаған қымбат, бірегей автокөлікті клиенттердің бірі 16,5 млн еуроға сатып алды деп хабарлаған. Алайда сол кезде сатып алушының есімін жария етпеген. Қазір шетелдік БАҚ сол машинаны Криштиану Роналдудың сатып алғанын жарыса жазып жатыр.



Футболшының жылдық жалақысы 30 млн еуро екенін ескерсек, ол жаңа көлік үшін сол жалақының тең жартысын жұмсаған.

Жаңа көліктің қозғалтқышының күші 1500 аттың күшіне тең. Ал автомобиль өз жылдамдығын сағатына 420 шақырымға дейін жеткізе алады.