Алматыда карантинде жатқан 203 адам ауруханадан шықты

Алматыда карантинде жатқан 203 адам ауруханадан шықты

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифингте 203 адамның ауруханадан шыққанын айтты. «Кеше провизорлық орталықтардан 203 адам үйіне шығарылды, оның ішінде 44 бала бар. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған. Олардың тест нәтижесі коронавирус жоқтығын көрсеткен соң ауруханадан шығарылды. Карантиндік оқшаулауда қазір 385 адам, оның ішінде 39 бала бар. Үй карантинінде 5144 адам жатыр», – деді Тілеухан Әбілдаев. Осы уақытқа дейін Алматыда 21 адам індеттен жазылып шыққан.