Кеше отандық бұқаралық ақпарат құралдарында коронавирусты ойлап тапқан ғалым туралы ақпарат тарады. Мәліметте ғалымның Қытаймен байланысып, COVID– 19 дертін жасап шығаруға күдікті ретінде ұсталғаны айтылған болатын. Алайда, бұл мәліметтің жалған екені расталды. Шындығында, Гарвард университетінің (АҚШ) химия және биология кафедрасының меңгерушісі доктор Чарльз Либер қазір күдікті ретінде қамауға алынды. Американдық ғалымның Ухань университетімен астыртын келісімшарты болған және де оны АҚШ билігінен жасырып қалған. Либер Гарвардтағы (АҚШ) өзінің кеңсесінде қамауға алынды. Осы орайда aikyn.kz редакциясы да жалған ақпараттың жетегінде кеткені үшін оқырманнан кешірім сұрайды.