Қазақстан әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толықтай қамтамасыз етілген -Тоқаев
Қазақстан әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толықтай қамтамасыз етілген -Тоқаев
155
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізетін көлік-логистикалық орталықтың жұмысымен танысты. «Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter -дегі парақшасында. Президент төтенше жағдай кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. «Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың «шекті бағасы» сақталуға тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін де атап өтті.