Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова көшеде маска тағудың қажеті жоқ есептейді.
Брифинг барысында бас санитарлық дәрігерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы қаншалықты тиімді екені және қандай жағдайда маска тағу керек деген сауал қойылды.
Бұған дейін Молдағасымова Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыратын болғанын айтты.
"Жас ерекшелігі бойынша айтатын болсақ. Осыған дейін 20-29 және 30-39 жастағы ересектер вирусты жиі жұқтыратын болса, қазір 50-59 жас аралығындағы науқастар көбейген. Сондай-ақ, 2-16 жас аралығындағы балалардың вирус жұқтыруы 88 пайызға өскен", - деді Молдағасымова.
Еске салайық, Алматыда барлығы 119 адам коронавирус жұқтырып, 21 адам жазылып шыққан.