Көшеде себепсіз жүрген алматылықтарға айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Себепсіз сыртта жүрген 105 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 55-іне айыппұл салынды.
Кеше Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 65 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде 31 адам әкімшілік қамауға алынса , 33 адамға айыппұл салынды және 1 адамға ескерту жасалды. "Қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін карантин басталғаннан бері блокпосты айналып өтпек болған (ҚР ӘҚБК 476 бабының 1 тармағы) 204 адам жауапкершілікке тартылды, оның 108-і қамауға алынды. Қалғанына айыппұл салынды. 203 адам қамауға алынып, 194 адамға айыппұл салынды. Тағы 14 адамға ескерту жасалды", - дейді полиция өкілдері.