Қостанай қардың астында қалды
Қостанай қардың астында қалды
© express-k.kz
248
оқылды
Көктем тосын сыйын ұсынды. Сәуірдің басында Қостанай облысында күн қайта суытып, қар жауды. Жолдар мен көліктерді қалың қар басып қалды. Ауа-райының осындай қолайсыздығына байланысты Қазақстанда жолдардың бірқатар бағыты жабылды. ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде 517 техника қар тазалауға жұмысқа кірісті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты келесі жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі: 1. Екатеринбург-Алматы - 444-540 шақырымында (Федоровка-Қостанай) 2. Екатеринбург-Алматы - 555-686 шақырымында (Тобыл-Сарыкөл) 3. Қостанай-Әулиекөл-Сурган - 3-106 шақырымында (Қостанай-Әулиекөл) 4.Мамлютка-Қостанай - 250-404 шақырымында (Ұзынкөл-Тобыл) 5. Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Кен-Қостанай - 547-231 шақырымында (Костанай қ. Ақтөбе облысы) 6. Денисовка-Жітіқара-Мюктикол -. РФ шекарасынан 0-50 км, 82-174 шақырымында (Денисовка қ. РФ) "Қазгидромет" РМК-ның алдын-ала хабарлауынша, атлантикалық циклонның және оған байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен республикамызда жауын-шашын болады, жаңбыр, қар жауады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=97G1aL8BU1I&feature=emb_logo