Коронавирусқа байланысты енгізілген карантин кезінде онлайн концерт қойып, халықтың көңілін аулаған әртіс, әншілер кейінгі кездері ел ықыласына бөленіп, алғысын алып жатыр. Кейбірі елге азық-түлік таратып, игі ісімен көпке үлгі болуда. Иә, карантинде жұлдыздар қарап жатқан жоқ. Десе де, әлеуметтік желіде тараған мынау видеода ирелеңдеп билеген елдің бетке ұстарларының қылығына қарап жұрт таң қалуда. Желіде би билеген белгілі әнші Айжан Нұрмағамбетова мен Әлішер Кәрімов сынның астында қалды. Көпшілік бұның ерсі екенін айтып, өнер иелерін бұндай биді доғаруға шақырды. Сонымен бұл еріккеннің ермегі ме әлде шығармашылықты шыңдаудың бір жолы ма? Қалай ойлайсыздар? https://www.instagram.com/p/B-kFVvkARpG/