25 жастағы ауыл тұрғыны мешіттерден садақа жәшіктерін ұрлап келген
25 жастағы ауыл тұрғыны мешіттерден садақа жәшіктерін ұрлап келген
Фото: Интернеттен алынды
132
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер оның қылмысын бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген. Биыл наурыз айының соңында Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік бөлмесіндегі ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған. Тексеру нәтижесінде, жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол дәлелдерді көрген соң өз кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатысы барын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал былтыр шілдеде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкердің қымбат велосипедін қолды қылған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.   https://youtu.be/DiWWSbVji5s Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188-бабы 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.