Баспанасыздар азаймақ
Баспанасыздар азаймақ
198
оқылды
Биыл жалға берілетін тұрғын үймен 12 600 отбасын қамтамасыз ету жоспарланған, соның ішінде  6 000 көпбалалы отбасы, 1 000 жас маман,  5 600 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын кезекте тұрған адамдар. Бұл туралы бүгін Үкімет оты­ры­сында Индустрия және ин­фра­құ­рылымдық даму бірінші вице-ми­нистрі Қайырбек Өскен­баев айтты. – Биыл «Нұрлы жер» бағдар­ламасының аясында 15 млн шар­шы метр немесе 150 мың баспана салу жоспарланған. Мемлекеттік ин­вестициялар есебінен әлеумет­тік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер (2,2 млн шаршы метр) сатып алынады және салы­на­ды. Сатып алу құқығынсыз жалға бе­­рілетін тұрғын үй салуға және са­­тып алуға 90 млрд теңге көздел­ген. Ал кредиттік тұрғын үй құры­лы­­сына 2017 жылдан бастап 207 млрд теңге бағытталды. Осы қа­ражат әкімдіктерде револьверлік негізде айналымда, соның ішінде жыл сайын шамамен 101 млрд тең­геге тұрғын үйді іске қосуды қам­та­ма­сыз етеді, – деді вице-министр.  

Әділ БЕК