Қатты жел шатырды жұлып кетті

Қатты жел шатырды жұлып кетті

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында ұйытқыған жел екі ғимараттың шатырын жұлып кетті. Деректерге қарағанда, 7 сәуірде Көкшетауда жылдамдығы секунды­на 28 метр болатын күшті жел соқ­қан. Соның салдарынан қаланың Әуел­беков көшесінде орналасқан 5 қа­бат­ты үйдің шатыры жұлынған. Ұшып кеткен шатырдың жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрады. Жаралан­ғандар мен зардап шек­кендер жоқ. Төтенше жағдай қыз­меті оқиға ор­нына жетіп, төңіректі қирандылардан аршу жұмысына бірден кірісті. Бірақ шатыры жұлын­ған екінші нысан жайлы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті ақпарат таратпады. Теріскейде ауа райының күрт құбылуы тек Көкшетауды ғана емес, аймақтағы тағы бірнеше қаланы әбі­герге салып қойды. Атап айт­қан­да, Қостанай облысының 3 қаласы күшті желдің кесірінен біраз уақыт электр жарығынсыз қалды. Қос­та­най, Руд­ный, Лисаковск қалала­рын­да күшті жел ағаштарды құлат­қан­дық­тан электр желілеріне зақым кел­ді. Сөй­тіп, қалалардың бірқатар ау­дандары жарықсыз қалды. Қазір тиісті құры­лымдар табиғи апаттың зардабын жойып жатыр. Ал ауа ра­йын болжау­шылар Көкшетау, Нұр-Сұлтан қа­лаларында қар жауа­тынын болжауда. Қостанайға қар жауып та қойды.  

А.СҰЛТАН