Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Учаскелік дәрігердің жалақысы 224 мың теңгеге дейін ұлғаяды

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Мамыр 2, 2019
5
қаралым

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 қалалық емхана мысалында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың барысын тексерді.

Үкімет басшысы үлкендер, балалар және оңалту бөлімін, амбулаторлық хирургия, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту орталықтарын тексерді. Онда пилоттық режимде денсаулық сақтау саласындағы соңғы цифрлық шешімдер енгізілген. Бұл пациенттердің ағымын реттеу және шұғыл медициналық көмекті бірінші кезекте көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кіріктірілген ақпараттық жүйесі, қағазсыз медициналық құжаттар, оның ішінде электронды денсаулық паспорттары бойынша Triage-жүйесі. Тұрғындармен кері байланыс орнату үшін дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалайтын мобильді қосымша іске қосылған. Емхананың бас дәрігері Г. Алпысбекова айтқандай, цифрландыруды енгізу нәтижесінде кезекке тұру 60 пайызға азайды.

Емхананы көріп біткен соң ҚР Премьер-Министрі А. Маминге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар желісін құру жобасы таныстырылды. Жалпы, шеткері аймақтардағы тұрғындар үшін медициналық көмектің жылдам қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұр-Сұлтан қаласында 11 қосымша медициналық ұйым ашу көзделген.

Өз кезегінде, ҚР
денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық»
әлеуметтік шараларын іске асыру аясында биылғы 1 маусымнан бастап
учаскелік дәрігерлердің жалақысы 224 мың теңгеге дейін, орташа медициналық
персоналдың жалақысы 163 мың теңгеге дейін ұлғаятынын жеткізді.

Тегтер: 100 ауруханаАсқар Маминдәрігер жалақысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзгерістерді барлық қазақстандықтар сезінеді – Ермек Әбдiрәсiлов

Қазақстанда үш айда 828 нәресте шетінеген

Кеншілер қаласындағы қайғылы оқиға

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»