Уақытша қиындықтан аман-есен шығамыз – Нұрлан Нығматулин
Уақытша қиындықтан аман-есен шығамыз – Нұрлан Нығматулин
Фото: Интернеттен алынды
121
оқылды
Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған мақаласына қатысты пікір білдірді. «Бүгін барша республикалық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президенттің арнайы үндеуі жарияланды. Бұл үндеу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрқашанда халқымен бірге екенін көрсетіп, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін береді. Себебі, Елбасының көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті», – деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Сонымен қатар ол еліміздің халқы көмекпен қамтылатынын атап өтті. «Сонымен бірге, болашаққа арналған Ұлттық қорымыз да бар. Бұл қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Біз бірлікті, келісімді, тұрақтылықты сақтап, уақытша қиындықтан аман-есен шығатын боламыз», – деді Мәжіліс төрағасы. Айта кетейік, «Айқын» газетінің бүгінгі санында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды.