Тұрғын үйлердің тынысы қандай?
Тұрғын үйлердің тынысы қандай?
142
оқылды
COVID-19 індеті ел аума­ғын­да анықталғалы сақтық ша­ралары жайлы толассыз ескер­тулер көбейді. Оның бар­лығы орындалып жатқанын да көріп жүрміз. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қа­ла­лар­дағы нысандар, адам көп шо­ғырланған орындар мен тұрғын үй кешендеріне дезинфекция жасала бастады. Дегенмен тұр­ғын үй атаулының бәрі бірдей за­лалсызданып жатқанына күмән да жоқ емес. Бұл турасында тұр­ғындар ойын білмекке сұрау сал­дық. Ал пәтер иелері кооператив­тері (ПИК) бұл мәселеге қан­­­­ша­­лық­­ты назар салып отыр? Тұрғын үйлерге дезинфекция жүргізу ісін негізінен Қорғаныс ми­нистрлігінің радиохимиялық және бактериологиялық әскері мен қосым­ша ұйымдар атқарып жатыр. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында осы мақ­сатта 470 қызметкер мен 50-ден астам техника, 200 роторлық құрыл­ғылар жұмылдырыпты. 165 тонна дезин­фекциялық ерітінді сатып алынған. Бұл сандарға қарап елорданы толық дезинфекциялау жайлы сөз қозғау артық сынды. Ал қалалық әкімдік 1 529 үйдің 6 375 кіреберісі, 1 500 ба­лалар мен спорт алаңы залал­сыз­данғанын айтып, жалпы тұрғын үйлердің 80 пайызында сақтық ша­ра­лары орындалғанын жеткізіп отыр. Бірақ кей қала тұрғындары бұл пікір­мен келіспейді екен.
– Елордадағы Желтоқсан көшесі, 27-үйде тұрамыз. Кіреберіс пен аулаға дезинфекция жасалады дегенді естідік. Бірақ біздің тұрғын үйіміз бен маңайдағы басқа да нысандарда сол жұмыстың атқарылып жатқанын көрмедім. Менің білуімше, бұл мәселе оң жағалаудағы көптеген үйде бар екен. Сақтық шаралары орын­далмай жатқан соң, үйде отырып та үрейлене бастадық, – дейді Жазира Қойшыбекова.
Қала тұрғынының сөзінше, ол көп­пәтерлі үйге қарасты пәтер иелері кооперативіне хабарласқан. Алайда ПИК өкілдері дезинфекция жұмыстары құзырына кірмейтінін айтып, ол мақ­сатта ақша қарастырылмағанын баян­дапты. Осыдан соң біз де Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтер иелері кооперативтеріне дезинфекция мен тазалық жұмысының атқарылуы жай­лы сауал жолдаған едік.   Жанат ӘШКЕНҰЛЫ, «Алма-Ата» пәтер иелері коопера­тивінің өкілі: – Дезинфекция жұмыстарына қаражат бөлінгені туралы естідік. Бірақ ешқандай ақша алмадық. Ықылас Дүкенұлы көшесі 36-үйдегі 6 подъезд бізге қарайды. Қойылған талап бойынша, сол тұрғын үйге күніне екі мәрте дезинфекция жұмыстарын жүргізілуде. Барлығын өзіміз жа­саймыз. Тазалықшылар, кезекші қызметкерлер ауысыммен жұмыс атқа­рып жатыр.   Қайырлы МӘКЕНҰЛЫ, «Азат Шаңырағы» пәтер иелері кооперативінің өкілі: – Сарыарқа ауданы 187 көшесіндегі 12 тұрғын үй қарамағымызда. Дезин­фекция жасау үшін қаражат алған жоқ­пыз, барлығын қолымыздан келгенше өзіміз істеп жатырмыз. Күніне екі рет тазалық жұмыстарын жүргіземіз.   Қуандық ЖАБЕЛҰЛЫ,  «ЖилСтройКомСервис» ЖШС өкілі: – Сауран көшесі, 12/2 мекен-­­жа­й­ын­дағы тұрғын үй қарамағымызда. Ескертілгендей, күніне 2 рет кіре­беріске дезинфекция жасалады, таза­лау жұмыстары барлық талапқа сай жүр­гізіліп жатыр. Бұдан бөлек қарамағымызда тағы 5 тұрғын үй бар. Оларға да осы шараларды жүргізіп отырмыз. Байқағанымыздай, пәтер иелері кооперативтеріне дезинфекция жасау үшін қаржы бөлінбеген. Залал­сыздандыруға қажетті дезинфекциялық ерітіндіні қайдан алатыны тағы бел­гісіз. Пікір иелерінің «орындап жа­тырмыз» дегені қарапайым тазалық жұмысы ғана болуы мүмкін. Дәрігерлер коронавирус инфек­циясының түрлі заттарда бірнеше сағат бойы сақталатынын айтып отыр. Көпқабатты үйлердің тұр­ғындары бір кіреберіс ар­қылы ғана жүретінін ескерсек, дезинфекция түйткілді мә­селенің бірі болып тұр. Тұрғындар үйде отырып, сақтық шараларын сақ­тады деген күннің өзінде, қажеттілігі үшін қоқыс төгу мен дүкенге баратыны бел­гілі. Залалсызданбаған қаншама тұрғын үйдің барын есепке алсақ, әлі де бейқамдық танытып отырғандай көрінеміз.     ТҮЙІН:

Елордадағы тұрғын үйлерге де­зин­фекция жасау мақсатында 470 қыз­мет­кердің жұмылдырылғанын айт­қан едік. Біздің шамалауымызша, қыз­мет­керлердің саны өте аз. Яғни, бұл жұмыс күшімен қаладағы мыңдаған үйді залалсыздандыру мүмкін емес және дезинфекция бір рет қана жүргізілмейді. Күнделікті атқарылуы тиіс іс. Сондықтан осы мақсатқа қызметкерлерді көптеп жұмылдырса игі. Әйтпесе адамның ғана емес, тұрғын үйлердің де «тынысы» тарылғандай шаққа ұқсайды.

             width=     Мадияр ТӨЛЕУ