Димаш Джеки Чанды туған күнімен құттықтап, күй тартқан видеосын жариялады
Димаш Джеки Чанды туған күнімен құттықтап, күй тартқан видеосын жариялады
Фото: Интернеттен алынды
Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемге танымал актер Джеки Чанды туған күнімен құттықтап, онымен жүздескен кезіндегі естелігімен бөлісті. Димаш Instagram парақшасында актерді құттықтаған жазбасын жариялады. Сондай-ақ, әнші Джеки Чан үшін домбыра тартып жатқан видеосымен де бөлісті. Атақты актер Джеки Чан Димашты алғаш I am singer жобасын ән салған кезінде көріп, кездескісі келген екен.
«Есімде, үш жылдан астам уақыт бiрге жұмыс істеп келе жатқан Қытайдағы BG Talent продюсерлік агенттігінің агенті бірде «Джеки Чан сені I am singer жобасында өнер көрсеткеніңді көріп сені кездесуге шақырды» деді. Кішкентай кезімнен осы керемет актердің фильмдерін жақсы көріп өстім, сондықтан қатты толқып кеттім, осыдан кейін де біз әр түрлі телебағдарламалар мен концерттерде кездесiп келемiз, бірақ мен әлі күнге дейін адамгершілігі мен қарапайымдылығына таң қаламын», – дейді әнші.
Сондай-ақ ол Майкл Джексон, Джеки Чан, Бочелли, Паваротти сияқты жұлдыздар – шын мәнінде, артист өзін қалай ұстау керек екенін көрсеткен жұлдыздар деп атап өтеді.   https://www.instagram.com/p/B-r45xTgWL_/?utm_source=ig_web_copy_link