Комитет пен әкімдік Нұр-Сұлтанда «жүрген» қасқырға байланысты пікір білдірді
Комитет пен әкімдік Нұр-Сұлтанда «жүрген» қасқырға байланысты пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
324
оқылды
Әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook парақшасында: «Әлеуметтік желілерде қаланың шеткері аймақтарында жүрген қасқырлар туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартуға алып келетінін есте сақтап жүрген жөн», – деп жазды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, желіге тараған видеолар бірнеше жыл бұрын Ресейде және Қазақстанның өзге өңірлерінде түсірілген. Еске сала кетсек, 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға ғана рұқсат берілген.