Әңгіме өзегі – президенттік сайлау
Әңгіме өзегі – президенттік сайлау
275
оқылды

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Қазақ­стандағы 2019 жылғы сай­лау: ішкі және сыртқы сая­сат­тың үздіксіздігі мен тұ­рақ­тылығы» тақырыбында са­рапшылар пікірталасы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сай­лау өткізу туралы сөзінде елдегі әлеу­меттік-саяси келісімді қам­та­масыз ету және әлеуметтік-эко­но­микалық даму міндеттерін шешу үшін бо­лашақ саяси бағытқа қа­тыс­ты белгісіздікті жою керек еке­нін атап өтті. Бұл тұрғыда үміт­кердің ағым­дағы саяси бағыттың дәйектілігі мен сабақтастығын қам­тамасыз ету қабілеті сайлау­шы­­лардың негізгі өлшемі саналады. 
Кездесу барысында сарап­шы­лар Қазақстанның ішкі және сырт­қы саясатының негізгі аспек­ті­ле­рін қарастырып, 2019 жылғы 9 мау­сымға жоспарланған Қазақстан Президентінің кезектен тыс сай­лауын талқылады. Президент жа­нындағы ҚСЗИ директоры За­рема Шаукенова президенттік сайлауды Қазақстанның тұрақтығы үшін және жалпы дамуындағы елеулі бір оқиға ретінде қарастыру керек екенін айтты. 
Талқылау барысында Әлеу­мет­тік жұмыс жөніндегі ұлттық ре­сурс­тық орталықтың директоры Ләззат Нұрқатова қазақстан­дық­тардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру үшін мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын жалғас­тырудың маңызы туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садуақасова сөз сөйлеп, этносаралық және конфессияа­ра­лық бірлік пен келісімнің сақталуы туралы мәселе мемлекеттік да­мудың маңызды аспектілерінің бірі болып қала беретінін тілге тиек етті. ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев еліміздің сыртқы саясаты туралы әңгімелеп берді. Оның пікірінше, сайлаудың нәтижелері еліміздің сыртқы саяса­тында жаңа серпінге ие болады және халықаралық аренадағы Қазақстанның беделін нығайтады. 
Талқылауға сондай-ақ Азия­лық зерттеулер институтының ди­ректоры Сұлтан Әкімбеков, «Қо­ғамдық пікір» зерттеу инсти­тутының құрылтайшы жобалар директоры Ботагөз Ракишева, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының же­текшісі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлттық ғылыми-практикалық ор­та­лы­ғы­ның басқармасы жетекшісі Анар Фазылжан, қоғам қайраткері, бло­гер Ғалым Байтұқ, ішкі және сыртқы саясат саласындағы сарап­шылар қатысты.