Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды. Науқастың үшеуі де Сырдария ауданының Амангелді ауылында тұрады. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Соған байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Зерттеу қорытындысы диагнозды нақтылады. «Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыс жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, аймақтың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова. 8 сәуірде осы сағаттағы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 72 адам анықталды. Олардың 9-ы Қызылорда қаласында, 16-сы Жаңақорған ауданында тіркелсе, Қармақшыда - 4, Шиеліде - 35, Сырдарияда - 7, Аралда - 1 жағдай нақтыланды. Айта кетерлігі, Әлия Әбдіқайымова өңір тұрғындарын қонаққа бармауға шақырды