Онлайн айтыс арқылы жемқорлықпен күреспек
Онлайн айтыс арқылы жемқорлықпен күреспек
Қоғамның жегі құрты сы­бай­лас жемқорлық. Осы дерт­ті сын­ға алған он­лайн айтыс әлеу­мет­тік же­лі­лерде өтеді. Шараны Сы­­байлас жем­­­­қорлыққа қар­сы іс-қи­мыл агенттігі мен агенттік жа­­­нын­­дағы рес­публикалық ақпа­­рат­тық-ағартушылық штаб­­ ұйым­­дас­­­ты­рып жа­тыр. Сайысқа өңірлерден 16 суы­рыпсалма ақын қатысады, олар­дың арасында Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова секіл­ді халықаралық және респуб­ликалық айтыстардың жүлдегер­лері мен жеңімпаздары бар. Байқаудың тағы бір ерек­шелігі – сайыс сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тақырыпқа ар­налады.
– Өзекті мәселелерді өлең­мен көпшілік алдында айту – біз­дің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғам­­дағы сыбайлас жемқорлық кө­рініс­теріне мүлдем төзбеуді дәріп­теу үшін ең тиімді мә­дени құрал ретінде айтысты пайда­ла­ну­ға мін­д­еттіміз, – деді Сы­бай­­лас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы Алик Шпекбаев: Жалпы карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қолжетімділігі арқылы барлық халық қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9 сәуірде, қа­тысу­шылардың жеребе тартуы мен жұп­тарды бөлуден басталады. 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалы өтеді. Он­лайн айтыстың ақтық финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.
Сайыстың өту барысын штаб­тың Facebook, Instagram, YouTube-тегі парақ­шаларынан көруге болады. Жеңімпаздар Telegram арна­сында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің төра­ғалық етуімен қазылар алқасы­ның арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анық­талады. Бас жүлдеге «Алтын орда» ав­торлық дизайн үйі Tengri эксклю­зивті этно-инсталля­ция­сын және «Біз біргеміз» лого­типі­мен кәдесый ұсынады.  

Ә.ЖҰМАН