Мониторинг жүргізді

Мониторинг жүргізді

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында енгізілген шектеу шараларының сақталуына мониторинг жүргізді. Іс-шара барысында комиссия мүшелері Шымкенттегі бірқатар көшені, аялдамалар мен сауда орталықтарын тексерді. Партиялықтар қаладағы Жібек жолы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілерінің карантин талап­тарын қаншалықты орын­дап жатқанын бақылап көрді. Нәтижесінде бірқатар жүргізуші үйлеріне кері қайтарылды. Өңірдегі барлық азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты сағат 10.00-21.00 аралығына ауыс­тырылды. Алайда Күн­шығыс ықшамауданында екі азық-түлік дүкені жұмыс орнын сағат 10.00 болмай ашып, сауда жасағаны анықталды. Дүкен иелеріне төтенше жағдай ре­жимін толық орындау бойынша қатаң ескерту жасалды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ