Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Колледжге көңіл толды

«Айқын» ақпарат
Мамыр 3, 2019
Әлеумет
0
қаралым

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары Орал қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп ошақтарын аралап, жергілікті жұрттың пікіріне құлақ түрді

Мәжіліс депутаттары Ержан Құдайберген, Михаил Чирков, Иван Клименко және Геннадий Шиповских облыс орталығындағы Жоғары аграрлық-техникалық колледжде болып, осы оқу ошағының материалдық-техникалық әлеуетіне қанықты. 85 жылдық тарихы бар колледж агроөндіріс, құрылыс және мұнай саласына маман даярлайды. Колледж ұжымы қоғам мен еңбек нарығы талаптарын ескере отырып, оқыту мен тәр­бие үрдісінің озық әдіс-тәсілдерін қолданады. Парламент депутаттары жұмысшы маман­дықтар бойынша кәсіптік білім алып жүрген жастармен тілдесіп, колледждің өндірістік тәжірибе алаңының, 3D моделдеу орта­лығының жұмысына риза болды. 
– Колледждің сабақ беру, маман даярлау үрдісіне көңіл толды. Бізді жастардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға оқып жатқаны қуантты. Іргелі елдер біраз жылдан бері моделдеудің 4D, 5D сатысы бойынша жұмыстануда. Демек, Оралдағы Жоғары аграрлық-техникалық колледждегі жұмысы жүйелі жолға қойылған 3D мо­дельдеу орталығы жастарға келешекте дамуға, білік­тілігін жетілдіруге жол ашады деген сөз. Жастар үшін жаңа жұмыс орын­дарын ашу және жас мамандардың баспана мәселесін шешу – бүгінгі таңда қазақстандық қоғам үшін аса маңызды міндеттердің бірі. Батыс Қазақстан облысына сапар барысында Жайық жұртымен біраз жүздесу өткіздік. Басты мұрат-мақсатымыз – жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін жинақтау, сонымен қатар шешімін күткен мәселелерді анықтау, – деді жұмыс тобының жетекшісі Құдайберген Төлепұлы. 
Колледждің жиналыс залында педа­гогтармен кездескен Мәжіліс депутаттары агротехникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу бағдарламаларын жаңарту, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың мемлекеттік бағ­дарла­масын жүзеге асыру, сондай-ақ ха­лықаралық талаптар мен цифрлық дағды­ларды оқу үрдісіне енгізу жөнінде пікір алмасты. 
– Nur Otan партиясының съезінде әлеу­меттің әлеуетін арттыру, табыс-кірісі аз отба­сыларды қолдау, ауылдық елдімекен­дердің ин­фрақұрылымын жетілдіру секілді мәселе­лер­ді шешу үшін төрт бірдей пар­тиялық жоба қолға алынғанын жақсы білесіздер. Олар – «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек» жобалары. Бұл бағ­дарламаларда біраз кө­кейкесті мәселе қамтыл­ған. Қазіргі кезеңде 7,5 млн астам халық ауыл­дық елдімекендерде тұрады. Бүгінде кең байтақ Қазақстан бойынша 6,5 мыңнан астам ауыл бар көрінеді. Ендеше, аталған бағдар­ламаларды жүзеге асыру арқылы көптеген отан­дасымыздың тұрмыс-тіршілігін жақ­сартамыз. 
Заман талабына сай кәсіптік білім беру саласында қазіргі таңда цифрландыру мәселесі күн тәртібінде өткір тұр. Сол се­бепті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін жұмысшы мамандарды оқыту-үйрету үрдісі озық тех­нологияларға негізделуі шарт, – деді депутат Геннадий Шиповских. Мәжіліс депутаттары осы аптаның бей­сенбісінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» және «Оралагрореммаш» зауыт­тарында, сондай-ақ облыстық пери­наталдық орталық пен облыстық балалар ауруханасында болып, осы мекеме-кә­сіпорындарда еңбек ететін батысқазақстан­дықтармен пікірлесті. 
 

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы

Мәселені шешуге тәжірибелі адам керек – Ержан Құдайберген

 

 
Тегтер: Ержан ҚұдайбергенИван КлименкоКолледжге көңіл толдыМихаил Чирков
Алдыңғы жаңалық

Абайдың сөзін ұққан бар ма?

Келесі жаңалық

Жаңа орган пайда болды

Ұқсас жаңалықтар

пара
Әлеумет

Әкімдік қызметкерлері параны жиі алады

Наурыз 5, 2021
Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин
Жаңалықтар

Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз – Бағдат Мусин

Наурыз 5, 2021
«Ремизовка» зираты
Әлеумет

Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды

Наурыз 5, 2021
Семей, полиция, алаяқ, несие
Жаңалықтар

Алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Наурыз 5, 23:32

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Наурыз 5, 23:05

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Наурыз 5, 22:32

Өскеменде өрттен 12 адам құтқарылды

Наурыз 5, 21:56

Елдос Сметов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 5, 21:28

Фируза Шарипова қаталдық танытпағанына өкінеді

Наурыз 5, 21:00

7 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 5, 20:52
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстан

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Наурыз 5, 2021
5

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»