Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронвирусқа сараптама алатын қоршаулар пайда болады. Бұл жайында ДСМ Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев айтты. «Бүгінгі күні біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіміз эпидемиологиялық зерттеу, байланыста болған тұлғалардың аясын анықтау, бару және материалдар алу бөлігінде барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Шатыр немесе қоршау бекетін қоюдық еш қажеттігі жоқ», - деді ол онлайн брифинг барысында. Оның атап өтуінше, жүйе бүгінгі күні аталған бекеттерді құрмастан-ақ талап етілген көлемді, үлгілерді жинауға қауқарлы. «Дегенмен, мұндай мобильды бекеттер қойғысы келіп отырған мецанаттар бар екендігін білемін. Оларға көп рахмет. Олар таяу уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орнатылады. Себебі, осы екі қалада науқастар барынша көп тіркелген», - деді Арнұр Нұртаев. Сонымен қатар, ол Қазақстанға мұндай бекеттердің үлкен көлемде қажет болмайтындығына үміт артатындығын баса айтты.