Қайырымды қаланың мейірімді жандары
Қайырымды қаланың мейірімді жандары
Еліміз үшін расымен қиын күндер туды. Қазір кім-кімге де оңай емес. Әсіресе, дәрігерлер мен медқызметкерлер, полиция және әскерилерге  оңай болмай тұр. Бизнестің де жағдайы нашарлай түсті. Экономика да дағдарысты бастан кешпек. Коронавирусқа шалдыққандар саны күн санап көбеюде. Осындай кезеңде елге көмек беріп, қолұшын созған жандар да аз емес. [caption id="attachment_34219" align="alignnone" width="1024"]азық-түлік ©Aiqyn.kz[/caption]  Қиын сәтте қайырымдылық жасауға ұмтылған жанның бірі  – BI Group корпорациясының басшысы Айдын Рахымбаев. [caption id="attachment_34226" align="alignright" width="551"]қонақ үй ©Aiqyn.kz[/caption] Ол Hillton қонақүйін қауіпті инфекцияға күдікті пациенттердің тұруына берді. Тіпті, корпорация атынан дәрігерлерді  қолдауға 100 млн теңге бөлді. – Қиындық туғанда бірігу – қазақтың қанында бар нәрсе. Ортақтасып,  күш салсақ,  бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын, –  дейді Айдын Рахымбаев. Еліміздің ең ірі екі қаласында карантин жарияланғанда, жұртшылық маска жетіспеушілігіне тап болды. Дәріханаларда бар болса да, бағасы бірден шарықтап кетті. Тігіншілікпен айналысатындар маска тігіп, оны сатып нәпақасын табуға тырысуда. Айдын Рахымбаев Осы тұста дизайнер Берік Исмаилов те «Мейірімділік» акциясын жариялады. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты тігіншілері жұмысқа шыға алмаған еді. Соған қарамастан ерікті тігіншілерді жинап, маска тігуді бастап кетті. Бетпердені көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге, балаларға тегін таратқан. [embed]https://www.instagram.com/p/B-EQZ2xg6Y5/?igshid=svnppp2bjy6d[/embed] Айтуынша, бұл идея дәрігерлердің «біз сіз үшін жұмыстамыз, сіз үйде болыңыз» деген хэштегінен кейін пайда болыпты. Бір күнде 2 мыңнан аса маска тіккен. Тіпті Алматыдағы балалар ауруханасына қажетті масканы өзі апарып берген. отбасы – «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, кейбір пайда тауып қалғысы келіп жатқандар да бар. Әйтпесе, бір реттік масканы 500, 800, 1-2 мың теңгеге сатуға бола ма? Мәселе, қанша маска тігуде емес, дұрыс жарата білуде. Бұл акция дизайнерлерге өтініш деп түсінген жөн. Мақсат – ақша табуда емес, елге жақсылық жасау. Біз қанағат дегенді жоғалттық, ұмыттық. Осының қадірін түсіну үшін де Алланың жіберіп отырған сыны да болар. Әйтпесе, бұл дерт – бейбіт заманның қарусыз «соғысы». Ол – ірі соғыстардан  кем емес. Сондай қиын сәтте елді қолдай білуіміз керек, – дейді ол.  width= Шымкент, Қызылорда қалаларының кәсіпкерлері де маска тікпесе де, сатып алып, жұртшылыққа тегін таратқан. Оңтүстік Қазақстан облысының  кейбір азаматтары Өзбекстанға өте алмай, шекарада қалғандарға азық-түлік апарып берген. [caption id="attachment_34231" align="alignright" width="457"]димаш ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Елге қайырымды ісімен танылғандардың бірі – Димаш Құдайберген. Ол ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері қалада үй-күйі жоқ адамдарға тамақ жеткізген. Кейбір мейрамханалар әскери қызметкерлер мен дәрігелерге түскі асын тегін-ақ беруде. Бұған дейін Nur Otan партиясы, Тұңғыш Президент қоры, Astana Group басшысы Нұрлан Смагұлов, Болат Өтемұратов қоры,  «Верный Капитал», Halyk Bank, Сбербанк Казахстан, Sulpak және Aport Mall компаниялары халыққа қаржылай көмек қолын созды. https://www.instagram.com/p/B-rjrNoBr1m/?igshid=13cgp4suqkuam Қиын-қыстау заманда елдің бірлігі, амандығы үшін тірлік ететін жақсы адамдар табылады. Ондай қайырымды жандар қай заманда да болған, бола бермек. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әлемді жайлаған коронавирус дертін ауыздықтап, бейбіт, мамыражай күй кешетін күнге жетейік!