Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет ҰМЫТЫЛҒАН ҚАҺАРМАНДАР

21 жасында Кеңес Одағының батыры атанған қазақ

Назгүл Ержанқызы
Сәуір 9, 2020
ҰМЫТЫЛҒАН ҚАҺАРМАНДАР, Жаңалықтар, Таным
сарбаз

©Сурет интернеттен алынды

4.3k
қаралым

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған. Өзі үйдің кенжесі болыпты. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Анасы жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елдегі ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат анасынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.

Оған әке де, шеше де болған Сағит еді. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майданға алып кетеді. Сөйтіп жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Екі сыныпты бір жылда бітіріп, зеректігімен ерекшеленген ол, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен.

©Сурет интернеттен алынды

Соғыс жылдарында Қосым ауылында есепшi, клуб меңгерушiсi болған. Бірақ 18 жасқа толар-толмастан 1942 жылдың шiлде айында әскер қатарына қабылданады. Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтағандықтан майдан шебіне взвод командирi болып барады.  Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысады.

1945 жылы 17 қаңтарда Нұрмағамбетов Польша жерiнде жау қорғанысын бұзып өту кезiндегi жауынгерлiк тапсырманы ержүректiлiкпен орындайды. Магнушев плацдармында болған шайқаста ол басқаратын пулемет ротасы 2 күн ішінде 120 фашист пен 12 пулемет орналасқан орынның көзін жояды. Варшава қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Магнушев қаласын жау әскерінен тазарту кезінде Нұрмағамбетов әскерлерді сауатты басқара білуімен көзге түседі.

Красноярскте өз баласын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

Ақмола облысында қалың қар құрсауында қалған ер адам құтқарылды

Ақмола облысында қазақстандық вакцина егіле бастады

Шайқастардың бірінде станокты пулемет дәлдеуіші істен шығады. Соған қарамастан Нұрмағамбетов пулеметті қолына алып, жау әскеріне оқты қарша боратады. Осылайша, ол фашистердің 2 жойқын шабуылына тойтарыс беріп, 65 фашист әскерін өлтіреді. Нәтижесінде Сағадат Нұрмағамбетов басқарған рота Польшаның Пилица өзенінен өтеді. Онда рота 35 жау әскерін өлтіріп, 6 пулемет орналасқан жердің көзін жояды.

Сағадат Нұрмағамбетов
©Сурет интернеттен алынды

Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыр атағы беріледі. «Медальдарды армия қолбасшысы жеке өзі табыстады. Ол кеудемізге «Ленин» ордені мен «Алтын жұлдызды» тақты. Бізді шынайы ниетімен құттықтады. Толқынысымды жасыра алмадым. Қазақтың жетім баласына мұндай зор құрмет көрсеткеніне сене алмадым. Әкем мен анам, Сағи ағам, отандастарым бұл жетістігімді көрсе екен деп ойладым» дейді батыр өз естелігінде.

Нұрмағамбетов
©Сурет интернеттен алынды

1945 жылдың 8 мамырда Нұрмағамбетов екінші рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Оның батальоны рейхсканцелярия ғимаратына жасалған шабуылға қатысқан.

Ол уақытта Сағадат майор атағымен атқыштар дивизиясын басқарған. Сонда ол Берлинде 400-ден аса немістің көзін құртып, 9 фашист бекінісін жояды. Оған қоса, 1560 жау әскерін тұтқынға алды. Осы шайқаста Нұрмағамбетов бірінші рет жараланады. Алайда қазақ сарбазына екінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілмеді. Тек Қызыл ту орденімен марапатталды. Сөйтіп, қазақтың қаһарман жігіті соғысты Берлинде аяқтайды.

кукла
©Сурет интернеттен алынды

1946-1949 жылдар аралығында ол Мәскеудегi Фрунзе атындағы Әскери академияны бітіріп, Орта Азиядағы Түркiстан әскери округiне полк басқаруға жiберiлдi. Кейін әртүрлi штабтық, командалық лауазымдарда, оның iшiнде Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округi қолбасшысының орынбасары, Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары (Венгрия) қызметiн атқарды.

КСРО Қарулы Күштерi Бас штабының академиясындағы курстарда білім алды. Ал 1989 жылы Қазақ КСР соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiндегi ардагерлер мен Қарулы Күштер мүгедектерi iстерi комитетi төрағасы қызметтерiн атқарды.  

©Сурет интернеттен алынды

Еліміз тәуелсіздігін алған соң, ол мемлекеттің қауiпсiздiгi мен қорғаныс саласын нығайтуға бар күшін салды.  1991 жылы Қазақстан Тұңғыш президентiнiң жарлығымен мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң төрағасы қызметіне тағайындалады. Бір жылдан соң Қорғаныс министрi болды.  Ол кезде министр сапалы әскери мамандарды даярлауға бар күшін салған еді.

1994 жылдың 23 мамырында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен «Алтын Жұлдыз» табыс етiлдi. Келесі жылында армия генералы атағымен отставкаға шығып, Қазақстан президентiнiң кеңесшiсi болды.

2013 жылдың 24 қыркүйегінде Сағадат Нұрмағамбетов 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Артында Талғат пен Айсұлу есімді балалары мен 4 немересі қалды.

 

 

 
Тегтер: Ақмола облысыанаашаршылықәкеБатырВаршаваКеңес Одағының батырыҚожахметНазарбаевнемісНовгородОтанПерзидентПольшапулеметСағадат НұрмағамбетовСағиТүркіменстанҰлы Отан соғысыфашистшайқас
Алдыңғы жаңалық

Ветеринарлар коронавирусқа шалдыққандардың ит-мысығын карантинге жабу керегін айтты

Келесі жаңалық

«Маска тігуге мәжбүрлеген» – дәрігері коронавирусқа шалдыққан аурухананы тексеру басталды

Ұқсас жаңалықтар

волейбол
Жаңалықтар

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем
Жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
зауыт
Жаңалықтар

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»