Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған. Өзі үйдің кенжесі болыпты. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Анасы жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елдегі ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат анасынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.
Оған әке де, шеше де болған Сағит еді. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майданға алып кетеді. Сөйтіп жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Екі сыныпты бір жылда бітіріп, зеректігімен ерекшеленген ол, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен.[caption id="attachment_34238" align="alignleft" width="433"]
Шайқастардың бірінде станокты пулемет дәлдеуіші істен шығады. Соған қарамастан Нұрмағамбетов пулеметті қолына алып, жау әскеріне оқты қарша боратады. Осылайша, ол фашистердің 2 жойқын шабуылына тойтарыс беріп, 65 фашист әскерін өлтіреді. Нәтижесінде Сағадат Нұрмағамбетов басқарған рота Польшаның Пилица өзенінен өтеді. Онда рота 35 жау әскерін өлтіріп, 6 пулемет орналасқан жердің көзін жояды.[caption id="attachment_34239" align="alignnone" width="822"]
1945 жылдың 8 мамырда Нұрмағамбетов екінші рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Оның батальоны рейхсканцелярия ғимаратына жасалған шабуылға қатысқан.Ол уақытта Сағадат майор атағымен атқыштар дивизиясын басқарған. Сонда ол Берлинде 400-ден аса немістің көзін құртып, 9 фашист бекінісін жояды. Оған қоса, 1560 жау әскерін тұтқынға алды. Осы шайқаста Нұрмағамбетов бірінші рет жараланады. Алайда қазақ сарбазына екінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілмеді. Тек Қызыл ту орденімен марапатталды. Сөйтіп, қазақтың қаһарман жігіті соғысты Берлинде аяқтайды. [caption id="attachment_34241" align="alignnone" width="1024"]
КСРО Қарулы Күштерi Бас штабының академиясындағы курстарда білім алды. Ал 1989 жылы Қазақ КСР соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiндегi ардагерлер мен Қарулы Күштер мүгедектерi iстерi комитетi төрағасы қызметтерiн атқарды.[caption id="attachment_34242" align="alignright" width="544"]
1994 жылдың 23 мамырында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен «Алтын Жұлдыз» табыс етiлдi. Келесі жылында армия генералы атағымен отставкаға шығып, Қазақстан президентiнiң кеңесшiсi болды.2013 жылдың 24 қыркүйегінде Сағадат Нұрмағамбетов 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Артында Талғат пен Айсұлу есімді балалары мен 4 немересі қалды.