Электроэнергияны дамыту
Электроэнергияны дамыту

Маңғыстау өңіріндегі «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС ұжымы бас қосты. Отырыста алда өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы сөз қозғалып, бұған дейін елордада өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде президенттікке ұсынылған үміткерді қолдау мәселесі қаралды.

Алдымен сөз алған кәсіпорын­ның бас директоры Қайрат Әбдірасылов, жуырда ғана Нұр-Сұлтан шаһарында Nur Otan пар­тия­­сының кезектен тыс 
ХІХ съе­зінде айтылған ұсы­ныстарға «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС ұжымы қолдау білдіретінін жеткізді. 
Қазіргі уақытта мемлекет та­рапынан елімізде электроэнер­гияны дамытуға көп көңіл бө­лінуде. Сондай-ақ елімізде 2030 жылға дейін электроэнергетика саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бүгінгі таңда МАЭК компаниясы – бә­секеге қабілетті, алға қойған мақ­саты айқын және Маңғыстау өңі­рі­­­нің дамуына өзіндік үлесін қо­сып отырған алдыңғы кәсіп­орын. 
– Бұл ретте Елбасы Н.Назарбаев­­тың еңбегі орасан екенін айта кеткім келеді. Осы уақытқа дейін елімізде халықтар достастығын сақтап, этни­ка­ара­лық және дінаралық қақтығыстар­ға жол берілген емес. Жалпы, елдің қарыштап дамуы өз қолымызда екенін ескеретін болсақ, тату­лық пен сыйластықты сақтап қалу үшін таңдауымызды жасауымыз қажет, – деді Қайрат Абдрасилов.
Сонымен қатар өзінің ойын ортаға салып, пікір білдіргендер қатарында БН – 350 реакторлық қон­дырғысының директоры Марат Молдағұлов, «МАЭК-Қаза­томпром» ЖШС жанындағы Nur Otan партиясы бастауыш партия ұйымының төрағасы Андрей Моги­лин, ТЭЦ – 1 электр жабдық­та­ры­ның маманы Сірімбек Мыңжасов болды.
«МАЭК-Қазатомпром» ЖШС ұжымы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына барлық қазақстандықтарды белсенді қа­тысуға шақырды. Себебі, бұл – әрбір азаматтың борышы және елдің ертеңі үшін қажетті қадам.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ