Ақмола облысына нан апара жатқан көлік суға ағып кете жаздады
Ақмола облысына нан апара жатқан көлік суға ағып кете жаздады
Фото: 24.kz
138
оқылды
Ақмола облысы Қараөзек ауылына нан жеткізу үшін жолға шыққан көлік суға кете жаздады, – деп жазады 24.kz. Бұл – Ақмола облысының Бұланды аулының аумағында болған жайт. Темір тұлпар иесі су шайып кеткен жолдың орта тұсында бөгеліп қалған. Сөйтіп, суда қалған машинаны жұрт экскаватордың көмегімен әупірімдеп сүйреп шығарды. Енді жұрттың қамымен басын қатерге тігіп, жолға шыққан жүргізушінің көлігін қалпына келтіруге облыс әкімдігі көмектеспек.