Еуропарламент коронавируспен күресу және мұқтаж адамдарға көмектесу үшін бірқатар нысандарын берді. Euronews-тің хабарлауынша, жергілікті билік өкілдері қазірдің өзінде оның екі ғимаратын алды. Билік өкілдеріне пленарлық сессиялар өтетін Страсбургтегі және комитеттер мен комиссиялар жұмыс істейтін Брюссельдегі ғимарат берілді. Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли бұл уақытша шара деп үміттенеді.
«Біз осы бір күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кезінде біздің ғимараттарымыздың бірін үйсіз және қоғамның әлсіз топтарына ұсынуды жөн көрдік», – деді ол.Брюссельде Гельмут Коль атындағы корпус екіге бөлінеді. Біреуі тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға, екіншісі үйге орала алмайтын ауруханалардан шығарылған науқастарға арналған. Парламент аспаздары оларды тамақтандырады. Франция билігі Страсбургтегі ғимаратта вирус жұқтырған адамдарға қызмет көрсететін медициналық орталық пайда болатынын мәлімдеді.
«Алдағы апталарда диагностика жүргізуге болады. Бұл пандемиядан кезінде көптеген адамның тесттен өтуі өте маңызды. Аурудан емделген немесе симптомсыз жандарды оқшаулау алдағы уақытта қажет пе, жоқ па соны шешу керек», – деді Еуропарламенттің өкілі Жауме Дуч.Наурыз айының ортасынан бастап Еуропарламент депутаттары мен қызметкерлері қашықтан жұмыс істеп жатыр. Жаңа жағдайларға бейімделу өте жылдам өтті. Сырттай жалпы отырыс өткізілді. Онда заң шығарушылардың 90%-ы үйден дауыс берді.