Ветеринарлар коронавирусқа шалдыққандардың ит-мысығын карантинге жабу керегін айтты
Ветеринарлар коронавирусқа шалдыққандардың ит-мысығын карантинге жабу керегін айтты
Фото: Интернеттен алынды
161
оқылды
Британдық ветеринарлар қауымдастығы COVID-19 коронавирусымен ауырғандардың үйіндегі мысықты оқшаулауға кеңес береді.
«Коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдегі мысықты иелері үйден шығармай, оқшаулау керек. Бұл үй карантиніндегі адамдарға да қатысты», – деп есептейді мамандар.
Қауымдастықың айтуынша, осы кезге дейін жануарларда COVID-19-ға қатысты аз жағдай тіркелген. Вирус адамнан жануарға берілуі мүмкін.
«Үй жануарлары COVID-19-ды иелеріне жұқтыратынына ешқандай дәлел жоқ», – деді қауымдастықта. Сондай-ақ ветеринарлар вирус жануарлардың жүнінде болуы мүмкін екенін ескертеді, сондықтан қолды жуу – өзіңді қорғаудың ең жақсы тәсілі.
Айта кетейік, Нью-Йорктегі зообақта жолбарыстан коронавирус табылған болатын.