«РИА Новостидің» жазуынша, паразиттерге қарсы ивермектин вирусқа қарсы күші бар және SARS-CoV-2-нің жасушасының көбеюін 48 сағатқа дейін басуға қабілетті. Мұндай болжамды австралиялық Монаш университеті және Мельбурндегі Корольдік аурухана мамандары жасап отыр. Мамандардың шешімін Antiviral Research басылымы жариялаған. Зертханада мамандар ивермектиннің күшін тексеру үшін коронавирус инфекциясын дертке шалдыққан жасушаға дәріні коронавирус анықталғаннан кейін 2 сағаттан соң енгізген. Нәтижесінде, препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқыл саны 93 процентке, ал екі тәуліктен кейін 99 процентке төмендегені анықталды. «48 сағаттан кейін бұл әсер бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуі байқалды. Бұл препаратты қолдану бүкіл вирустық материалдың жоғалуына әсер ететінін көрсетті» делінген жұмыста. Одан бөлек, тәжірибе кезінде ивермектиннен үлгілерге улағыш әсер етпеген. Ғалымдар олардың жұмысы коронавирусты жұқтыру жағдайында дәрі-дәрмектерді қолдануға зерттеуді бастауға көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирусын төмендетуге, ауру кезіндегі асқынулардың дамуын болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға берілуін тоқтатуға көмектесе алады.