Алтын – жер сыйы, алғыс – ел сыйы
Алтын – жер сыйы, алғыс – ел сыйы
200
оқылды
Былтыр «Егемен Қазақстанда» Дулат Исабековтің «Биікке беттеген қазақ киносы» атты көлемді мақаласы жарияланды, биыл «Қазақ әдебиетінен» Әлібек Асқаровтың айқара екі бетті алып жатқан «Қазақ мәдениеті асқан асулар» атты толғауын оқыдық. Екі бірдей атақты жазушының ұлттық мәдениетіміз жайлы мақала жариялауы тегін емес, мұның терең сыры, айтылар жыры бар. Ол сыр, ол жыр – ұлттық мәдениетіміздің соңғы жылдары өзіміздің ғана емес, өзге елдердің де таңдайын қағып, тамсан­дыр­ған тамаша табыстары. Бір ғана мысал «Алмас қылыш», «Әміре», «Алтын тақ» көркем фильмдері арқылы кенжелеп қалған қазақ киносы асқаралы асулардан асып, Алатаудың ақбас шыңын­дай биікке көтерілді. Оңайлық­пен келмеген осы аса айтулы табыста өнер саңлақтарымен бірге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­ди­­ұлы­ның ерлікке тең ерен еңбегі бар. Ол Америкаға барып, «Голливудтан» режиссер шақы­рып, «Әміре» фильмінің сәтті шығуына ұдайы көңіл бөліп, түсіруші топқа көп көмек, нақты қолдау көрсетті. Нәтижесінде, Әміре атын, яғни қазақты әлемге қайта танытқан айтары анық, бояуы қанық үздік фильм өмірге келді. Спорт пен өнер саласын­дағы жемістер мен жеңістерде де Арыстанбек Мұхамедиұлының қолтаңбасы барлығы айдай анық, шығар күндей шындық! Кісілігіне кішілігі сай Арыс­танбекті көргенде ойыма Эпикет­тің: «Күллі ға­жайып­тардың ішіндегі ең тама­шасы – жақсы тәрбиеленген адам» деген сөзі оралады. Арыстанбек Мұха­ме­диұлы – қазақ мәдение­тін аса үлкен биікке көтерген өте қарымды, аса алымды, көрнекті мемлекет қайраткері. Арыстан­бек­ті қазақ мәдениетін асқар шың­ға шығарған Темірбек Жүр­генов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков сынды ұлт үшін ұлағатты істер атқарған ұлы тұлғалармен иықтасып тұрған аса іскер, асқан еңбеккер, аса қарымды мемлекет қайраткері деп танимын. Бұл – бір менің ғана емес, бүтін зиялы қауым, бүкіл халықтың ортақ ойы. Бұған айтулы жиындарда ел аға­лары айтқан парасатты пікірлер айқын айғақ.

 «Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайлы ойлан» депті Конфуций. Тағы бір кемеңгер Фрид­рих Ницше: «Қайсар да қажырлы әрі табанды адам ғана өзі туралы үндемей жүре алады», – дейді. Осы сөздер Арыстанбек Мұхамедиұлының бітімі бөлек бекзат болмысына сай келеді.

Өз басым Арыстанбек Мұха­ме­диұлының елшіл, мемлекет­шіл, халықшыл қасиеттеріне сан мәрте куә болдым. Көзқарақты оқырман қанық – жақында Таш­кентте Қазақстанның Өзбек­стандағы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы­мен салтанатпен ашыл­ды. Сол форумға қатысудың сәті түсті. Сонда Қазақстан өнер саң­лақтарының концерті кезін­де Өзбекстан президенті Шаф­кат Мирзиеевтің риясыз көңіл­мен қол соққанын, ол қошеметті Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қостағанын көзіміз­бен көріп, көңіліміз көкке өрледі. «Біржан-Сара» опе­расы­ның үзіндісімен баста­лып, класси­калық өнері­мен өріліп, Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Майра Мұхамед­қызы, Димаш Құдайбергеновтің талантымен көмкерілген кон­церт­ке бес мыңнан астам өзбек бауырлар аса риза болып, залды шапалақ үні жаңғыртты. Мәде­ниет саласында жүрген кісілер­ден естігеніміз – Арыстанбек Мұхамедиұлы осы концерттік бағдарламаның түзілуін ғана емес дайындығына да өзі бас-көз болып, тікелей басшылық жасапты. Сонда біздің ойымызға өткен ғасырда Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігіне баратын әншілер дайындығына қатысып, ақыл, кеңес берген нарком Темір­бек Жүргенов оралды. Жақ­сының жарасымды жалға­сы, ұлт үшін ұлы істер атқарған тұғы­ры биік тұлғалардың мұра­ге­рі деген осы. «Өзін ойлаған – құлқының құлы, халқын ойлаған – ұлы» дей­тін халық даналығын «Ең алдымен ел қамы, сонан кейін қалғаны» дейтін Қадыр Мырза Әли сөзін жиі айтады Арыстан­бек. Өзін ғана ойлаған   жамандық­тың белгісі,   Өзгені де ойлаған   адамдық­тың белгісі. Арыстанбек Мұхамедиұлы­ның өзгелерді жиі ойлап, көп кісі­ге көмек қолын созып жүрге­нін де білеміз.   Aristanbek.jpg   «Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайлы ойлан» депті Конфуций. Тағы бір кемеңгер Фрид­рих Ницше: «Қайсар да қажырлы әрі табанды адам ғана өзі туралы үндемей жүре алады», – дейді. Осы сөздер Арыстанбек Мұхамедиұлының бітімі бөлек бекзат болмысына сай келеді. Арыстанбек Мұхамедиұлы­ның интернеттегі өмірдерегіне көз жүгіртсек, оның бүкіл өмірі мәдениет саласына байлау­лы екен. Мәдениет министрінің көмек­шісі, одан да кіші қызмет­тер­ден бастап тек мәдениет саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде оның министр, ғы­­лым докторы, басқа да бір­сыпы­ра атақтары бар. Бүгінгі биігіне «Арыстанбек оңай көте­ріл­ген жоқ. Оңай бақыт болмай­ды, оңай жолды іздеген ешқа­шан да оңбайды. Арыстан­бек өз замандастары сияқты қиындық­тар көрген болар». Елшіл, халықшыл, мемле­кет­шіл, ұлтшыл Арыстанбекті бүгінгі биігін көтерген табиғи талант, ақыл-парасатпен бірге осы еңбек – ел үшін істеген ерен ең­бек! Содан да ол Елбасы мен елдің алғысын алған азамат! Ал­тын – жер сыйы, алғыс – ел сыйы. Ел сыйынан қымбат не бар?! Жүсіпбек Аймауытов 1918 жы­лы 2 қазанда «Абай» жур­­на­лын­­да жарияланған «Ұлт­ты сүю» атты мақаласында: «Оқы­ғандар! Бұл уақыт – жан тыныштығын іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, біз қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойланыңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз. Олай болса мой­ны­­мызда халық­тың зор боры­шы, ауыр жүгі жатыр», – деп жаз­ды. Тарихи ұлы тұлға Жүсіп­бек Аймауытов­тың осы сөздері мемлекеттік қызметтегі елшіл, халықшыл, ұлтшыл, мемлекет­шіл Арыстан­бек Мұхамедиұлы­ның адастыр­мас ақ жұлдызы, бақ жұлдызы! «Если не будет у нас достой­но­го искусства, не будет страны. Никакая экономика, никакая политика – ничто кроме под­лин­­ной культуры, не поможет нам поднят голову» деп жазыпты үл­кен театрда жарты ғасыр жұ­мыс істеген ұлы режиссер Борис Покровский. Осы ұлы ой, ұлағатты сөз басшымыздың да, басқамыздың да әрдайым жадын­­­да жүрсе нұр үстіне нұр. Тауда туған тау ұлы тауға қа­рап өседі. Талғар тауының бауы­рын­да туған Арыстанбек бала­лық балғын шағында, бозба­ла­лық­тың таңында тауға қарап, асқар асулардан асуды арманда­ма­ды дейсің бе? Сол кездегі ар­ман­дар, Құдайға шүкір, бүгінде орын­далды. Орындал­ғаны сол емес пе, еңбегімен елге танылған халықтың алғысына бөленген қоғамда өз орны бар қайраткер ол...

Сәбит ДОСАНОВ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты