ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин айтты. «Бізде коронавирус жұқтыру жағдайы болды. Бір қызметкерден коронавирус анықталды, ол қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Қызметін атқару барысында 530-дан аса адаммен байланыста болған», – деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифинтгте.
«Бүгінде шамамен 30-ға жуық адам стационарға жатқызылды. 80-ге жуық адам карантинде үй жағдайында. Көбі ауруханадан шығарылды, жұмысын жалғастырып жатыр», – деді Ильин.Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болғандар, ауыр жағдайда жатқандар жоқ.