Білім саласы жүйелі жүргізілуде
Білім саласы жүйелі жүргізілуде
200
оқылды

Білім беру жүйесін жаңғырту – бүгінгі заман талабы, адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі – білім беру мекемелерін оңтайландыру. Екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Ал үшіншісі – білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Биыл – Жастар жылы. Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өт­к­ен Жастар жылының салта­нат­­ты ашылу рәсімінде еліміздің жас буыны өздерінің жүзеге асырған табысты жобаларын таныстырған болатын. Осы шарада елімізде білім мен ғылымға көңіл бөлініп, гранттар санының артатыны айтыл­ды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент жастардың барлық сана­тын қолдауға арналған жоба­лар мен әлеуметтік сатының ауқым­ды платформасын қалып­тастыру қажет екенін тілге тиек етті. Бұл – студент жастар үшін қуанышты дүние. 
Білім саласында қызмет ете­тін мамандарға да жан-жақты қол­дау көрсетіліп келеді. Nur Otan партиясының XVIII съезінде Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап жалақысы төмен бюджет­тік сала қызметкерлерінің айлы­ғын 30 пайызға көтеруді тапсыр­ды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Күләш Шәм­ши­ди­нова Президент тапсырмасы аясында қай қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін айтқан болатын. 
«Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифферен­циал­ды түрде 30 процентке дейін жүзеге асатын болады. Білім сала­сында 500 мыңға тарта адам­ның жалақысы өседі деп күтілуде. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернат­тар­дың тәрбиешілері, олардың көмекшілері, методистер, әлеу­мет­тік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызмет­кер­лері, кітапxанашылар, вожа­тый­­лар, буxгалтерлер, іс жүр­гізушілер, еден жуушылар, күзет­шілер, от жағушылар, сан­теx­никтер мен электриктер сияқ­ты басқа да теxникалық қызмет­кер­лер бар. Қазіргі кезде Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министр­лігімен қыз­мет­кер­лердің санаттарын және жала­қы­сын арттыру көлемін нақ­ты анықтау жұмыстары жүр­гізілуде», – деді К.Шәмшиди­нова.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында 2019-2021 жылдар аралығында жаңартылған мазмұн бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың сынып жетекшісі мен пси­хо­логтар, 15,5 колледж маман­дары мен 2,4 мың ЖОО оқыту­шы­лары қайта даярлау курстары­нан өтеді. Қазіргі таңда тілдік курстардан өткен 11 423 жараты­лыс­тану пән­дері­нің мұғалімдері 764 мек­теп­т­е сабақ беріп жүр. Мұны­мен қоса, мектеп құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізуді қаржылан­ды­ру­дың жаңа әдісте­месі енгізіледі. Қаржыландыру көлемі оқушылар контингентіне байланысты анық­талады. Қай жерде мектеп салу жергілікті атқарушы органдардың құзыре­тін­­де болады. Барлық дең­гей­­дегі білім беру бағдар­ламалары заман талабына сай өзектендіріліп отырады.
«Жұртшылықпен және жұ­мыс берушілермен ынтымақ­таса отырып, университеттер мен колледждер тізімі анықталып, олардың білім бағдарламалары экономиканың талаптарына сай өзектендіріледі. Сондай-ақ кол­ледж­­дердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері­нің біліктілігін арттыру қарасты­ры­­лады. Оқу процесіне шетелдік мамандар тартылады», – деп мә­лім­­деген болатын К.Шәмши­ди­нова.

Гүлбану АЙДАРОВА,
№159 Еңбекші қазақ орта мектебінің мұғалімі