Қазақстанда 1 адам індеттен емделіп шығып, коронавирустан жазылғандар саны 55-ке жетті
Қазақстанда 1 адам індеттен емделіп шығып, коронавирустан жазылғандар саны 55-ке жетті
Фото: Интернеттен алынды
122
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, – деп coronavirus2020.kz Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 55-ке жетті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы – 30, Алматы қаласы – 23, Ақтөбе облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1. Еске сала кетейік Қазақстанда соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 32 адам тiркелді. Ақмола облысында –  13 адам, Алматы қаласында –  1 адам, Қызылорда облысында –  7 адам, Батыс Қазақстан облысында –  2 адам, Атырау облысында –  3 адам, Қарағанды облысында –  2 адам, Шымкент қаласында 4 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 120 адам, Қарағанды облысында –  57 адам, Ақмола облысында –  56 адам, Атырау облысы –  39 адам, Жамбыл облысында –  45 адам, Шымкент қаласында –  27 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  6 адам, Алматы облысында –  10 адам, Ақтөбе облысында –  11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  25 адам, Павлодар облысында –  1 адам, Маңғыстау облысында –  6 адам, Қызылорда облысында –  92 адам, Батыс Қазақстан облысында –  4 адам, Түркістан облысында –  34 адам, Қостанай облысында –  3 адам, жалпы 759 науқас тіркелді.