Қазақстанның аңызына айналған – Сейтхан Темірбаев
Қазақстанның аңызына айналған – Сейтхан Темірбаев
© Сурет интернеттен алынды
272
оқылды
Ұлы Отан соғысында асқан ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Ленин орденімен, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз,1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған Кеңес Одағының батыры Сейітхан Темірбаевтың есімі аңызға айналған. [caption id="attachment_34369" align="alignleft" width="383"]Сейтхан Темірбаев © Сурет интернеттен алынды.[/caption] «Талайлардың арқасын мұздатып, бойын суытқан суық хабар ауыздан ауызға тарап жатты. «Соғыс! Неміс фашистері еліміздің шекарасынан басып кіріпті!». Бұл сөздердің арты жақындарымен қоштасуға ұласып жатқан кезде он тоғыз жасар бала жігіт едік. «Тиіспеңдер, біз тимейміз, тиіссеңдер араша бермейміз» дейтін белгілі өлеңді қосылып айтып жүрген шағымыз.  Мен қатарлылардың жүрегін өшпес кек кернеді. Тыныш жатқан бейбіт елімізге тұтқиылдан тап берген сұм дұшпан, сұрқия жаудан өш алып, ел намысын қайыру тілегі ойдан кетпеді. Отанын сүйген жас жүрек майданға алып ұшты. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескендердің қатарында болуды ойладық. Ол ой орындалды. Бұдан отыз жыл бұрын мен өзімнің құрбы-құрдастарыммен Жітіқара әскери комиссариаты арқылы майданға сапар шектім. Туып өскен Таран ауданындағы  Қызылжар ауылы бізді адал тілекпен шығарып салды» деп жазған «Өмір үшін шайқас» мақаласында. [caption id="attachment_34371" align="alignright" width="358"]Сейтхан © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Сол жерде 1922 жылы дүниеге келген Кеңес Одағының батыры Сейтхан Темірбаев Қызыр Армияға 1941 жылы шақырылған. Сөйтіп, Харьковты қорғау шайқасына қатысқан ол, дұшпандардың басымдығының кесірінен кезекті жауынгерлік тапсырмасын орындауда  Харьков түбінде қатты жарақаттанған. Айыққан соң жаяу әскерлер училищесіне жіберілген. Оны бітіргеннен кейін Сталинград шайқасына қатысты.
Темірбаевтың мәлімдеуінше, сол кезде Совет офицері ретінде зводты, ротаны басқарған. Жаппай шабуыл шебіне ілескен оның әскери бөлімшесі Домбасты, Одессаны жаудан тазартып, Белоруссия мен Польшаны азат етуге белсене атсалысқан.
«Бұдан 26 жыл бұрын, 28 февральда біз Одерден өуге тиісті 230-шы атқыштар дивизиясының құрамында едік. Мен басқарған рота өзеннің арғы бетіне бекініп, қалған әскердің өтуіне жол ашуға тиісті болды. Рота тапсырманы бұлжытпай орындады. Онан әрі – март, апрель. Кюстрин ауданы, Зелевск биігі, ұрыс, шайқас, шабуыл да шабуыл. Жауынгерлердің рухы тіптен көтерілді. Ұрыс жау үңгірі болған Берлиннің түбіндегі мекенді қоныстарда жүргізді.
[caption id="attachment_34373" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бұл төрт жылдан астам уақыт күткен естен кетпес шақ еді. Әсіресе, біздің ротаның Альт-Ландсберг және Карл-Хорст пункттеріндегі айқастары ұмытылмайды. Кескілескен күрес үстінде он бір көше орамын босата жүріп, жау шебіне төңкеріп кеттік. Мұны немістер де байқап, пайдалануға тырысты. Алайда рота көше шайқасының барлық әдісін қолданды. Жауда жан таласуда. Рота сол күні неміс басқыншыларының шабуылдарына жеті мәртебе тойтарыс берді. Ақыры жөнді шығынсыз өз әскерлеріне қосылды» деп жазған өз естелігінде. [caption id="attachment_34374" align="alignnone" width="1024"]Одер © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Міне, сол шайқаста Сейтхан Темірбаев жаудың батальондай көлемде вертолеттен түскен авиадесанттарына қарсы тұрып, ерлігін көрсетті. Ол жау әскерін 150 шақырымдай жерге жақындата түсіртіп, кенеттен оқ жаудырған. 40-тан астам неміс қырып, оларды артқа ысырған. Бірақ жау қайта күшейіп, 11-ге жуық танкпен қайта шабуылға шыққан. Осы қанды шайқаста Темірбаев бір қарыс жерді жау қолына бермей сақтап қалды.