Табиғатымызды қорғайық
Табиғатымызды  қорғайық
301
оқылды

Елімізде аң-құстардың санын сақтап және оларды көбейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті­нің 2016 жылғы 24 қарашадағы №265 бұйрығымен (көктемгі) 16 ақпаннан 14 маусымды қоса есептегенде аң аулауға тыйым салынды. Өздеріңіз білетіндей, көк­тем мезгілі – су құстарының жұптасып, жұмыртқа сала­тын уақыты. Осыған байланысты, көктем мезгілінде құстардың санын сақтап, көбеюіне ықпал етуіміз қажет.

2019 жылы көктемгі аңшы­лық маусымның тыйым салуын наси­хат­тау, облыс көлемінде жабайы жануарларды қорғау, күзе­ту мақ­са­тында Алматы облыс­тық орман шаруашылығы және жан­уар­лар дүниесі аумақ­тық инспек­ция қызметкерлері, «Охотзо­оп­ром» мекемесі, поли­ция қызмет­кер­лері және табиғат пайдалану­шы­лар жұмыла жұмыс атқарады. Десе де, табиғат заңнамасын бұзу­­­шы азаматтар табылады. Алай­­­да көк­тем­гі аңшылық маусы­мы­на тыйым салу оң нәтиже беру­де.

Алматы облыстық орман шаруа­­шылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері облыс аумағында жабайы жануарлар дүниесін қору, күзету және көктемгі аңшы­лық маусымына тыйым салынуды насихаттау жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Атқарыл­ған шаралар нәтижесінде облыс аумағында 2017-2018 жылдармен салыстыр­сақ, көктем мезгілінде табиғат заңнамасын бұзу факті­лері 30%-ға азайып отыр.

Табиғат аясында демалушы­лар үшін тағы ескерте кетейік, көктем­гі аңшылық маусымға тыйым салын­ды. Табиғат заңна­масын бұз­­бауға және табиғаты­мыз­ды аялауға, келешек ұрпағы­мыз­ға сақтап қалуға   шақыра­мыз.

 

Нұрлан ОРМАНБЕКОВ,

 Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы